Мен оқыған мектепте әртүрлі ұлттың балалары білім алды. Біз бір партада отырып, бір-біріміздің тілімізді, дәстүрімізді таныдық. Ұлтқа қарап емес, мінезге қарап дос болдық. Бірге дайындалып, бірге қуандық, бірге өстік. Осындай ортада өскен бала үшін келісім – табиғи құндылық. Мектеп қабырғасында басталған достық өмір бойы сақталады. Сондықтан мен Қазақстандағы ұлтаралық татулықтың берік болуы дәл осындай ортадан басталады деп сенемін.
Асем Гизат – волонтер