Өмірде талай адаммен жолығып, түрлі көзқарастармен танысамыз. Осы тәжірибем арқылы мен ұлтқа немесе тілге бөлінудің шешуші рөл атқармайтынын түсіндім. Ең маңыздысы – адамның өзгеге деген ниеті мен қарым-қатынасы. Өзара сенім мен қолдау бар жерде ғана шынайы бірлік қалыптасады.

Менің ойымша, келісім үлкен ұрандардан емес, күнделікті қарапайым әрекеттерден басталады. Біреуді тыңдай білу, қолдау көрсету, түсіністік танытып, асығыс үкім шығармау – халықтар арасындағы достықты нығайтатын басты құндылықтар. Әрқайсымыз өз үлесімізді, тіпті шағын болса да, қоса алсақ, қоғамымыз мейірімді әрі ұйымшыл бола түседі.

Гүлнар Ибраева – Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы