Мен көпұлтты ауылда өстім, сондықтан достық ұғымының мәнін ерте түсіндім. Біздің көршілеріміз әртүрлі ұлт өкілдері болғанымен, бәрі де бізге ең жақын жандар еді. Бір-біріміздің үйімізге еркін кіріп, қуаныш пен қиындықты бірге бөлісетінбіз. Мерекелерде ортақ дастархан жайылып, әр халықтың өзіндік тағамынан дәм таттық, сол арқылы көп нәрсені үйрендік.

Бұл орта бізді бір-бірімізге одан әрі жақындата түсті. Ауылда ешкімді ұлтына қарап бөлген жоқ, ең бастысы – адамдық қасиет бағаланды. Осындай тәжірибе менің өмірге деген көзқарасымды қалыптастырды. Қазір де түрлі адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысамын, өйткені татулық – өмірдің сәні, ал достық жүректе сақталуы тиіс асыл құндылық.

Серік Баймурзин – Зеренді ауданы билер алқасының бас биі