Мен әртүрлі адамдармен күнделікті жұмыс істеймін. Ұлтқа, тілге немесе көзқарасқа қарамастан, барлығын бір ортақ мақсат біріктіреді – адал еңбек пен өзара түсіністік. Осындай ортада достық пен келісімнің шынайы құнын терең сезінесің. Адамдар бір-біріне сенім артқанда ғана жұмыс та нәтижелі, қарым-қатынас та берік болады.
Бір-бірін құрметтей білетін ұжымда жылылық пен қолдау әрдайым сезіледі. Әркім өз ісіне жауапкершілікпен қараса, ортақ жетістікке қол жеткізу оңай. Мен үшін ең маңыздысы – адамды ұлтына емес, ісіне және адамгершілігіне қарап бағалау. Осындай көзқарас татулықты сақтауға көмектеседі.
Келісім мен сыйластық бар жерде тұрақтылық орнайды. Бұл қағида тек жұмыс орнында ғана емес, бүкіл қоғам үшін маңызды. Сондықтан достық пен бірлік – күнделікті еңбекте де, өмірде де сақталуы тиіс асыл құндылық.
Ляззат Адилова- Зеренді аудандық ауруханасының лаборанты
