Қазақстандағы келісім – елдің ішкі күшінің айқын дәлелі. Түрлі ұлттар мен дін өкілдері өзара сыйластықта өмір сүріп, ортақ мақсаттарға бірге ұмтылады. Бұл қоғамның жетілуіне және дамуына үлкен әсер етеді.
Менің ойымша, келісім тек тыныш өмір сүру емес, ол – бір-біріне сену. Қазақстан халқы осы сенімді күнделікті өмірде дәлелдеп келеді. Көршілердің татулығы, әріптестердің түсіністігі – соның айғағы.
Осындай келісім сақталған елде болашақ та жарқын болады. Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығы халықтар арасындағы достыққа тікелей байланысты деп сенемін. Сандуғаш Қалиева – волонтер
