Татулық пен келісім – Қазақстан қоғамының берік іргетасы. Елімізде әр ұлт өкілі өзін қауіпсіз әрі еркін сезінеді. Бұл – мемлекет жүргізіп отырған парасатты саясат пен халықтың өзара құрметінің нәтижесі.
Қазақстанда түрлі мәдениеттер бірін-бірі толықтырып, ортақ құндылықтарға айналған. Ұлттық мерекелер, мәдени фестивальдер халықтарды жақындастырып, достықты нығайта түседі. Мұның бәрі қоғамдағы жағымды атмосфераны қалыптастырады.
Менің ойымша, татулық бар жерде үміт бар. Қазақстан халқы бірлікпен өмір сүріп, болашақты бірге құрып келеді. Осындай елде өмір сүру – әр азамат үшін үлкен мақтаныш. Данияр Жетпісов – Зеренді ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы
