Бірлік пен келісім – кез келген ел үшін баға жетпес құндылық. Бұл ұғымдар тек мемлекеттік деңгейде ғана емес, күнделікті қарым-қатынаста да көрініс табуы тиіс. Әр адам өз іс-әрекеті арқылы қоғамдағы татулыққа үлес қоса алады.
Көпұлтты ортада өмір сүру – үлкен мәдениетті талап етеді. Өзге ұлттың тілін, дәстүрін, көзқарасын сыйлау арқылы ғана шынайы келісімге қол жеткізуге болады. Мұндай ортада сенім қалыптасып, өзара қолдау нығаяды.
Бірлік – дайын күйінде берілетін нәрсе емес, ол үнемі еңбекті қажет етеді. Сондықтан халықтар достығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ж.Талдин-Өркен ауылы ЖОББМ директоры