Халықтар достығы – бейбіт өмірдің басты шарты. Әртүрлі ұлт өкілдерінің бір мақсатқа бірігуі елдің қуатын арттырып, болашағын нығайтады. Адамдар бір-бірін құрметтеген жерде түсініспеушілік азайып, өзара сенім мен қолдау қалыптасады. Ал өзара көмек қоғамды жақындастырып, ортақ жауапкершілікке тәрбиелейді.
Қазақстан – көптеген ұлттар мен ұлыстардың ортақ шаңырағы. Бұл жерде әр халық бір-бірінің мәдениетін танып, салт-дәстүрін құрметтейді. Осындай сыйластық ұлттық бірлікті күшейтіп, елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығының берік негізіне айналады.
Халықтар арасындағы достықты сақтауда жастардың рөлі ерекше. Олар ашық ойлы, кең пейілді болып, өзгелерді қабылдай білуі тиіс. Дәл осы қасиеттер арқылы болашақта бейбіт, тату және бірлігі жарасқан қоғам қалыптасады.
Гүлнар Ибраева-
Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
