Қоғамда әртүрлі ұлт пен мәдениет өкілдерінің бірге өмір сүруі — үлкен мүмкіндік. Бұл адамдарды бір-біріне қарсы қоймайды, керісінше жаңа көзқарас қалыптастырады. Әр халықтың өз тілі, дәстүрі мен тарихы бар, ал сол ерекшеліктер қоғамды бай әрі мазмұнды етеді.
Өзгеше ойлайтын, басқа мәдениеттен шыққан адаммен қарым-қатынас жасау адамды дамытады. Ол төзімді болуға, тыңдай білуге және түсінуге үйретеді. Осындай ортада өскен адам әлемге кеңірек қарайды, жауапкершілігі де арта түседі.
Менің ойымша, бір елдің ішінде адамдардың бір-бірін қабылдауы мен құрметтеуі — қоғамның күші. Әртүрлі болсақ та, ортақ мақсат пен құндылықтар бізді біріктіре алады. Осындай орта ғана тұрақты әрі сенімді болашаққа жол ашады.
Сандуғаш Қалиева – волонтер
