Адамдар бір-бірімен сыйластықта, жақсы қарым-қатынаста өмір сүрсе, дүние әлдеқайда әдемі болады. Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар. Бірақ сол айырмашылықтар бізді бөліп-жармай, керісінше, біріктіре алады. Достық адамдарды жақындастырады, ал бір-біріне қолдау көрсеткенде жүректер жылынады.

Халықтар арасындағы татулық – үлкен күш. Тек тыныштық пен келісім бар жерде ғана адам шын мәнінде бақытты өмір сүре алады. Бірлік болған жерде қорқынышқа орын жоқ. Әр адам бір-біріне түсіністікпен қараса, қоғамда кикілжің де болмайды. Осындай ортада өскен балалар да татулықты бойына сіңіріп өседі.

Мұндай достық – нағыз қазына. Сондықтан оны бағалап, сақтай білуіміз керек.

Гүлнар Ибраева
Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы