Келісім мен өзара түсіністік — қоғамдағы ең маңызды құндылықтардың бірі. Әсіресе этностық құрамы алуан түрлі елдер үшін бұл – басты тірек. Қазақстанда ондаған ұлт өкілдері бір шаңырақтың баласындай тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәдениет пен парасаттың айғағы.

Межэтникалық татулық елді біріктіріп, ортақ мақсатқа жетелейді. Әр этнос өз мәдениетін, тілін сақтай отырып, ортақ қоғамның дамуына өз үлесін қосып келеді. Тілдер мен мәдениеттердің қатар өмір сүруі – біздің үлкен артықшылығымыз. Осындай достыққа негізделген орта жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Балаларға бейбітшілік пен сыйластықтың қадірін үйрету – ата-ананың да, қоғамның да ортақ парызы. Татулықты сақтау – адамгершіліктің айқын көрінісі. Қазақ халқының кеңпейілдігі мен мейірімі көпұлтты қоғамның қалыптасуына негіз болды. Біз осы игі дәстүрді жалғастыруымыз керек.

Бірлік – болашағымыздың берік іргетасы. Оны нығайту – бәріміздің ортақ мақсатымыз.

Қуанышбек Албаев
Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі