Әр ұлттың салт-дәстүрін құрметтеу – өзара сыйластықтың белгісі. Біз бір-біріміздің мерекелеріне қуана қатысып, жақсы тілектер айтамыз. Бұл адамдарды жақындастырады. Дәстүр арқылы халықтар бірін-бірі тереңірек түсінеді. Осындай қарым-қатынас қоғамды бай әрі берік етеді. Қазақстанда бұл үрдіс табиғи түрде қалыптасқан. Сондықтан татулық біздің өмір салтымызға айналған деп ойлаймын.
Зейнегүл Қазияқпарова – Зеренді ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
