Қазақстан – бірлік пен берекенің мекені
Қазақстан – көптеген ұлт пен ұлыстың ортақ Отаны. Осында әр халық өз мәдениетін сақтай отырып, бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. Бұл – бейбітшілік пен өзара сыйластықтың нәтижесі. Әртүрлі мәдениет пен дәстүр қоғамды байыта түседі. Біз бір елдің азаматтары ретінде ортақ мақсатқа бірге ұмтыламыз. Бірлік пен келісімнің арқасында еліміз дамып келеді. Осындай татулықты сақтау – әрқайсымыздың борышымыз. Себебі Қазақстан – бәрімізге ортақ үй, ал ортақ үйде береке болуы керек.
Шолпан Нұртаева – Зеренді балық шаруашылығының маманы