Жаңа Конституцияның жобасы – еліміздің болашағына үлкен сеніммен қарауға мүмкіндік беретін ерекше маңызды құжат. Ана кеңесінің төрайымы ретінде мен бұл реформаның қоғамдағы тұрақтылықты, келісімді және отбасы институтының маңызын күшейтуге бағытталғанын жоғары бағалаймын. Жобада адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет үшін басты құндылық ретінде танылуы – әрбір отбасының, әрбір ананың мүддесін қорғаудың нақты қадамы.
Сонымен бірге неке ер адам мен әйелдің ерікті және тең құқықты одағы ретінде анықталуы біздің ұлттық тәрбиеміз бен ұрпақ сабақтастығына негізделген дәстүрлі құндылықтарды қорғауды күшейтеді. Бұл – отбасы институтының беріктігін сақтауға, балалардың қауіпсіз әрі жарасымды ортада өсуіне үлес қосатын шешім.
Жаңа Конституцияда білім мен ғылымға ерекше мән берілуі де аналар қауымын қуантады. Өйткені білімді ұрпақ – елдің ең үлкен байлығы. Инновация мен мәдениетті қолдау, жастардың әлеуетіне жағдай жасау – болашақ үшін жасалған аса маңызды қадам.
Цифрлық кеңістікте азаматтардың құқықтарын қорғау туралы нормалардың енгізілуі қазіргі заманның талаптарына толық сәйкес келеді. Бұл балалардың интернеттегі қауіпсіздігіне де кепіл бола алады.
Жалпы, жаңа Конституцияның жобасы отбасы құндылықтарын, адам құқықтарын, әділеттілікті және ұлттық бірлікті нығайта отырып, Қазақстанның келешегіне сеніммен қадам басуына мүмкіндік береді. Біз аталған реформаны елдің тұрақты дамуы мен ұрпақ амандығы үшін маңызды тарихи бастама деп санаймын.
Оралбек Бекішев, Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
