Волонтерлік маған адамдарды біріктіретін күш болып көрінеді. Түрлі ұлттан шыққан еріктілермен бірге жұмыс істей жүріп, жүректің тілі ортақ екенін түсіндім. Біз көмек қолын созған сәтте ұлт пен тіл арасындағы айырмашылық мәнін жоғалтады. Қиындыққа тап болған жанға демеу болу – келісімнің ең айқын көрінісі. Достық сезімі ортақ істе бекиді, ал волонтерлер арасындағы ынтымақ – жалпы қоғамдағы бірліктің айнасы. Біз бір-бірімізді қолдап, тәжірибемізбен бөлісіп, сыйластықты алға қоямыз. Сол себепті татулық мен үшін күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды. Әр шарадан кейінгі адамдардың алғысы – бізді тіпті жақындастыра түсетін қуаныш. Достық пен келісім – бәріміздің ортақ еңбегіміз.
Сандуғаш Қалиева, волонтер
