Қай қоғамда бірлік бар болса, сол жерде үміт те, алға жылжу да бар. Адамдар бір бағытқа жұмыла білгенде, ортақ арманға жету әлдеқайда жеңілдейді.
Әртүрлі ұлт пен ұлыстың басын қосқан орта – бай рухани кеңістік. Мұнда әркім бір-бірінен үйреніп, мәдениеттер тоғысында жаңа құндылықтар қалыптасады. Өзге ұлт өкілін құрметтеу – тек әдептің белгісі емес, сонымен бірге өз кемелдігіміздің көрінісі.
Осындай құрмет үстемдік құрған кезде қоғамда сенім мен үйлесім артады.
Бірлік – үздіксіз еңбектің нәтижесі. Ол үшін бәрімізге сабыр, жауапкершілік және ашық жүрек қажет. Егер әр адам келісімге өз үлесін қоса білсе, елімізде тыныштық пен өркендеу еселене береді.
Серік Баймурзин-Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
