Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды. Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер-министрінің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды:

 1.⁠ ⁠Тау-кен өнеркәсібі және геология ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

 2.⁠ ⁠БҰҰ миссияларында бітімгерлік бөлімшесін (бөлімшелерін) бірлесіп өрістету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

 3.⁠ ⁠Экстрадициялау туралы шарт;

 4.⁠ ⁠Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теңіз ісі министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

 5.⁠ ⁠Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Сауда министрлігі арасындағы транзиттік сауда туралы келісім;

 6.⁠ ⁠Кеден мәселелері бойынша ынтымақтастық пен өзара әкімшілік көмек туралы келісім;

 7.⁠ ⁠Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Федералды теміржол министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

 8.⁠ ⁠Карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

 9.⁠ ⁠Ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

10.⁠ ⁠Жасанды интеллект және цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

11.⁠ ⁠Денсаулық сақтау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

12.⁠ ⁠Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Associated Press of Pakistan (APP) арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

13.⁠ ⁠Климаттың өзгеруі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

14.⁠ ⁠әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Пәкістан Ислам Республикасы Білім және кәсіби даярлық министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

15.⁠ ⁠Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Мемлекеттік банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

16.⁠ ⁠Мәдени-гуманитарлық ықпалдастық саласындағы ынтымақтастық бойынша 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары;

17.⁠ ⁠Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Пәкістан Ислам Республикасы Виртуальді активтерді реттеу агенттігі арасындағы цифрлық активтер саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

18.⁠ ⁠Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Карачи порты арасындағы ақпарат алмасу және кәсіби даму саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

19.⁠ ⁠«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен National Logistics Corporation арасындағы логистика саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

Салтанатты іс-шарада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында бұдан бөлек тағы 18 құжатқа қол қойылғаны жөнінде хабарланды. Дереккөз: https://www.akorda.kz/