Біз үшін ең қымбат құндылық – ұрпағымыздың қауіпсіз, әділетті, тұрақты қоғамда өсіп-жетілуі.
Сондықтан елде талқыланып жатқан жаңа Конституция жобасын балаларымыздың болашағы үшін маңызды қадам деп бағалаймын.
Жаңа Конституция еліміз үшін жаңару мен даму мүмкіндігін беретін құжат. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауға, қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға және мемлекет басқару жүйесін заманауи талаптарға бейімдеуге бағытталған.
Мен үшін бұл өзгерістер – балаларымыздың өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алатын, сенімді және қауіпсіз ортада өсуіне жол ашатын жақсы бастама.
Болашақ ұрпаққа арналған әрбір қадам – еліміздің тұрақты дамуына, татулығы мен бірлігінің нығаюына үлес қосады деп сенемін.

Гүлнар Ибраева, Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы