Көршілеріміз әртүрлі ұлттың өкілдері болса да, бәрі бізге ең жақын, сыйлы жандар еді. Бір-біріміздің үйімізге еркін кіріп, қуанышымызды бірге атап, қиындықты да бірлесіп еңсеретінбіз. Мерекелерде ортақ дастархан жайылып, әр халықтың өзіне тән тағамынан дәм татып, олардың мәдениетін тереңірек танитынбыз.
Осындай орта бізді бір-бірімізге жақындатып қана қоймай, адамды ұлтына емес, адамдық қасиетіне қарап бағалау керектігін үйретті. Бұл тәжірибе менің өмірлік ұстанымымды қалыптастырды: қай жерде болсам да, адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға, татулық пен сыйластықты сақтауға тырысамын. Өйткені татулық – өмірдің сәні, ал достық – жүректе мәңгі сақталатын асыл құндылық.
Серік Баймурзин – Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
