Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын жалпыұлттық талқылау – әрбір анаға тікелей әсер ететін маңызды үрдіс деп есептейміз.
Жаңа Конституция жобасына 4 мыңнан астам ұсыныстың келіп түсуі – қоғамның белсенділігі мен азаматтардың мемлекеттің келешегіне жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Конституциялық комиссияның бұл ұсыныстарды жіті қарап, маңыздысын құжатқа енгізуі – халық пікірінің шын мәнінде құнды екенін дәлелдейді.
Аналар кеңесі үшін ерекше атап өтетін жайт – Конституцияда елдің егемендігі, тәуелсіздігі, аумақтық тұтастығы және мемлекеттің басқару нысанының өзгермейтіні нақты түрде бекітілуі. Бұл – бүгінгі ұрпақпен қатар, болашақ балаларымыздың да бейбіт әрі тұрақты елде өмір сүруіне берілетін сенімді кепіл.
Сонымен бірге ұлттық валютамыз – теңгенің Конституция деңгейінде бекітілуі экономикалық дербестікті күшейтіп, елдің болашағына деген сенімді нығайтады. Бұл шешім отбасының әл-ауқатына және әлеуметтік тұрақтылыққа тікелей ықпал ететіні сөзсіз.
Жаңа Конституция жобасы құқықтық анықтығын арттырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Аналар кеңесі үшін бұл – әрбір баланың қауіпсіз, әділ және тең мүмкіндікке ие қоғамда өсуіне жасалған маңызды қадам.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы – ел бірлігін бекемдеп, ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге бағытталған тарихи мәнге ие құжат деп санаймын.

Г. Ибраева, Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы