Сондықтан Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын бүкілхалықтық талқылау – әрбір азамат үшін, соның ішінде елге үлкен еңбек сіңірген ардагерлер қауымы үшін де ерекше маңызды.
Халықтың ұсыныс білдіріп, талқылауға белсенді қатысуы – еліміздің өркендеуіне деген жауапкершілік пен шынайы жанашырлықтың белгісі. Бұл – қоғамымыздың кемелденіп, мемлекет дамуына ортақ үлес қосуға дайын екенін көрсетеді.
Ардагерлер кеңесі жаңа Конституция жобасын елдің игілігіне бағытталған, мемлекетіміздің тұрақтылығы мен болашағына қызмет ететін құжат деп бағалайды. Басты мақсат – халықтың бірлігі мен қауіпсіздігін сақтау, ұрпаққа жарқын болашақ қалыптастыру.
Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституцияға қатысты жалпыұлттық талқылау – ел болашағына деген сенімді күшейтіп, қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдыратын маңызды қадам.

Оралбек Бекішев, Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы