Бұл – құқықтық мемлекетті дамыту жолындағы маңызды жетістік.
Отбасы, білім беру және тәрбие мәселелерінің Конституцияда нақты көрініс табуы қоғамның рухани дамуына оң ықпал етеді. Бұл жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берілгенін және гендерлік теңдікті қолдау бағытында жасалған маңызды қадам екенін көрсетеді.
Қоғамдық диалогты кеңейту үшін құрылған жаңа институттар халық пен билік арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты күшейтеді. Бұл басқару жүйесінің ашықтығын арттырып, азаматтардың пікірін еркін білдіруіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ ұлттық диалогты дамытуға бағытталған Халық Кеңесі тәрізді құрылымдар азаматтардың саяси процеске қатысуын кеңейтіп, демократиялық құндылықтардың нығаюына септігін тигізеді.
Мен жаңа Конституцияны әлеуметтік жауапкершілікке негізделген, келешекке бағытталған құжат ретінде қолдаймын. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді деп есептеймін.
Қуанышбек Албаев – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі
