Бұл еліміздің құқықтық негізін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды қадам деп ойлаймын.

Отбасы құндылықтары, білім мен тәрбие мәселелерінің Конституцияда айқын көрсетілуі – елдің рухани дамуына тың серпін береді. Бұл жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше назар аударылып отырғанын аңдатады.

Халықтың пікірі мен ұсыныстары ескерілетін жаңа қоғамдық тетіктердің құрылуы билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтады. Мұндай ашықтық азаматтардың пікір білдіру мүмкіндігін арттырып, елдегі сенімді одан әрі күшейтеді.

Сонымен бірге, ұлттық деңгейде диалог жүргізуге бағытталған институттардың пайда болуы азаматтардың ел басқару ісіне белсенді араласуына жағдай жасайды. Бұл демократиялық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосады.

Жалпы, жаңа Конституцияны қоғам игілігіне қызмет ететін, болашаққа бағытталған маңызды құжат ретінде қолдаймын. Ол азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, ел басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп сенемін.
С.Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі