Бұл өзгерістердің басты мақсаты – әр адамға әділдік пен тең мүмкіндік беру.
Отбасы, білім және тәрбие сияқты маңызды құндылықтардың негізгі заңда нақты көрсетілуі – ұлттың рухани негізін күшейтетін маңызды қадам. Бұл – жас буынға қолайлы орта қалыптастырып, қоғамдағы өзара құрмет пен тепе-теңдікті нығайтуға ықпал етеді.
Жаңа қоғамдық алаңдар мен диалогқа арналған институттардың құрылуы – халықтың дауысы естілетінін, әр адамның пікірі құнды екенін білдіреді. Бұл билік пен қоғам арасындағы ашықтықты арттырып, ел дамуына бірлесіп атсалысуға жағдай жасайды.
Ұлттық кеңестер мен қоғамдық пікірді ескеретін құрылымдардың жұмысы азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтеді. Бұл еліміздегі демократиялық мәдениеттің одан әрі дамуына қолдау көрсетеді.
Жаңа Конституцияны елдің бүгініне де, ертеңіне де қызмет ететін маңызды құжат деп қабылдаймын.
Ж.Түлкібаева – Зеренді ауданы Аналар кеңесі төрағасының орынбасары
