Мен, көпбалалы ана ретінде, Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасын үлкен жауапкершілікпен қарап шықтым. Бұл құжат – тек заңдық нормалар жиынтығы ғана емес, ол еліміздің болашағын айқындайтын, балаларымыздың қандай қоғамда өмір сүретінін белгілейтін маңызды негіз деп санаймын.
Жаңа Конституция жобасында адам құқығы, отбасы құндылығы, әлеуметтік әділет пен мемлекет жауапкершілігі мәселелеріне басымдық берілгені қуантады. Әсіресе, балалардың құқығын қорғау, аналар мен отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау тетіктерін нығайту бағыттарының айқындалуы – көпбалалы отбасылар үшін аса маңызды.
Ана ретінде мен үшін ең бастысы – тұрақты мемлекет, әділетті қоғам және қауіпсіз болашақ. Ұсынылып отырған жоба осы құндылықтарды қамтамасыз етуге бағытталған. Билік пен қоғам арасындағы сенімді күшейту, заңның үстемдігін орнықтыру – келешек ұрпақтың жарқын болашағына салынған инвестиция деп білемін.
Сонымен қатар, жаңа Конституция жобасы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, азаматтардың мемлекет басқару ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Бұл – балаларына адал, елге жанашыр ұрпақ тәрбиелеуді мақсат тұтқан әрбір ана үшін маңызды.
Қорытындылай келе, көпбалалы ана ретінде Конституцияның жаңа жобасын балаларымыздың ертеңі үшін жасалған дұрыс қадам деп қолдаймын. Ең бастысы – бұл құжат қағаз жүзінде қалып қоймай, әр отбасының, әр баланың өмірінде нақты оң өзгеріс әкелсін.
Ж.Нұралина – көпбалалы ана
