Аналар қауымы әрқашан Қазақстанның өсіп-өркендеуін, ұрпағымыздың аман-есен, білімді, саналы болып қалыптасуын бірінші орынға қояды. Ұсынылып отырған жобадан қоғамдағы ынтымақ пен тұрақтылықты нығайтуға деген шынайы ұмтылысты көреміз. Бүгінгі өзгерістердің негізінде халқымыздың игілігіне бағытталған маңызды бастамалар жатыр. Біз үшін ең бастысы – балаларымыз өмір сүретін ортаның қауіпсіз, әділ әрі мүмкіндіктерге толы болуы. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасы елді жаңа деңгейге көтеруге қабілетті құжат деп сенеміз. Аналар кеңесі бұл бастаманы қолдап, оның ел бірлігіне оң әсер ететініне сенеді.
Гүлнар Ибраева, Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
