Қоғам өміріне оң өзгерістер енгізуге бағытталған құжаттың мазмұнынан мемлекетіміздің болашағына деген сенімді күшейтетін ұстанымдарды көрдім.
Мен үшін ең маңыздысы – ел ішінде әділдік пен тұрақтылықтың нығаюы, азаматтардың мүмкіндіктерінің кеңеюі және халықтың пікіріне шынайы мән берілуі. Жобадан осы құндылықтарды қолдауға деген нақты ниетті байқадым. Мұндай бастамалар қоғамды одан әрі біріктіріп, елдің өркендеуіне жол ашады деп сенемін.
Сондықтан жаңа Конституция жобасын құптай отырып, оның Қазақстанның ертеңіне жаңа тыныс беретін маңызды құжат боларына сенімім зор.
Оралбек Бекішев, Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
