Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің ашық және тиімді басқару моделіне көшуге деген нақты қадамы ретінде қабылданады. Құжаттағы билік институттарының жауапкершілігін арттыруға және шешім қабылдау процесін халыққа жақындатуға бағытталған баптар қоғамдағы диалог мәдениетін қалыптастыруға түрткі болады. Сонымен қатар, азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін тетіктерді күшейту — демократиялық құндылықтарды нығайтудың басты шарты. Мен бұл жобаны елдің тұрақты дамуы үшін маңызды қозғаушы күш деп санаймын.

Қуанышбек Албаев, Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесінің мүшесі