Құжатта экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың негізі болып табылатын қағидалар жүйелі түрде жинақталған. Әсіресе жас ұрпақтың әлеуетін арттыруға бағытталған бөлімдер – ел болашағын ойлаған көреген саясаттың көрінісі. Бұл өзгерістер Қазақстанның инновациялық, бәсекеге қабілетті мемлекетке айналуына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Болашаққа сеніммен қарауға себеп болып отырған да – дәл осы жобаның мазмұны.
Арман Оспанов, Зеренді аудандық мәслихатының депутаты
