Бұл шешім қоғамда ұзақ уақыт талқыланып келе жатқан мәселелерді халықтың тікелей қатысуымен шешуге мүмкіндік беретін маңызды қадам ретінде қабылдануда. Референдум — азаматтардың өз пікірін ашық білдіріп, ел болашағына әсер ететін шешімдерге қатысуына жол ашатын демократиялық құрал.

15 наурызда өтетін бұл науқан тек саяси рәсім ғана емес, сонымен қатар қоғамның жауапкершілігін арттыратын, мемлекеттік басқару жүйесі мен азаматтар арасындағы сенімді күшейтетін маңызды кезең. Осындай кең көлемдегі шешімдер халықтың бірлігі мен белсенділігінің арқасында ғана өз нәтижесін береді. Сол себепті алдағы референдумды елдің саяси мәдениетін жетілдіріп, тұрақты дамуына серпін беретін маңызды тарихи мүмкіндік деп бағалаймын.

Гүлнар Ибраева , Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы