Кездесу барысында Конституция жобасында қарастырылған негізгі өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, олардың ел дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласына қатысты нормаларға ерекше назар аударылды.
Жиын форматында өткен басқосуда медицина қызметкерлері өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық диалог алаңы ретінде ұйымдастырылған кездесу өзара пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.