ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылау — ел дамуының келесі кезеңін айқындайтын аса маңызды қадам. Ардагерлер кеңесі бұл бастаманы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған оң өзгеріс ретінде қолдайды.
Жоба мазмұнында азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету секілді негізгі құндылықтардың көрініс табуы — ел болашағына деген жауапкершіліктің белгісі. Бұл, әсіресе, тәуелсіздік жолында еңбек еткен аға буын үшін аса маңызды.
Ардагерлер әрқашан ел бірлігі мен татулығын басты құндылық санайды. Сондықтан жаңа Конституция жобасының қоғамдағы әділдік, өзара құрмет және жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталуын құптаймыз. Мұндай өзгерістер Қазақстанның дамуына серпін беріп, келер ұрпаққа берік құқықтық негіз қалыптастырады деп сенеміз.
О.Бекішев – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы