ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылау — еліміздің болашағына бағытталған маңызды әрі жауапты қадам. Аналар кеңесі бұл бастаманы қоғамдағы тұрақтылықты, бірлікті және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға бағытталған оң өзгеріс деп бағалайды.
Жоба мазмұнында отбасы құндылықтарын қорғау, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі аналар қауымы үшін аса маңызды. Себебі қоғамның берік іргесі — отбасы, ал ұлт болашағы — тәрбиелі ұрпақ.
Аналар кеңесі әрқашан татулық пен өзара құрметті басты құндылық санайды. Сондықтан Конституция жобасының қоғамдағы келісім мен жауапкершілікті арттыруға бағытталуын қолдаймыз. Бұл өзгерістер Қазақстанның дамуына серпін беріп, ұрпаққа сенімді болашақ қалыптастырады деп сенеміз.
Г.Ибраева – Зеренді ауданы Аналар кеңесінің төрайымы
