ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылау — ел болашағына бейжай қарамайтын әр азамат үшін маңызды кезең. Мен, ардагер ретінде, бұл бастаманы мемлекетіміздің дамуын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған тарихи мүмкіндік деп бағалаймын.
Конституция — елдің басты заңы ғана емес, ол қоғамдағы әділдік пен тұрақтылықтың кепілі. Жаңа жобада азаматтардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдауды күшейту, заң үстемдігін нығайту мәселелерінің қамтылуы — дұрыс бағыттағы қадам. Бұл өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекетке деген сенімді күшейтуге ықпал етеді.
Біз, аға буын өкілдері, тәуелсіздіктің қадірін жақсы білеміз. Сондықтан еліміздің бірлігі мен тыныштығын сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз. Ұсынылып отырған өзгерістер Қазақстанның тұрақты дамуына негіз болады деп сенемін.
Қ.Албаев – Зеренді ауданы мемлекеттік қызмет ардагері
