Құжатта қоғамның сұранысына сай саяси жаңғыруға, мемлекеттік басқаруды тиімді әрі ашық етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауға бағытталған ұстанымдар айқын сезіледі.
Жобаның кең талқылануы мен азаматтардың белсенді қатысуы елдегі демократиялық мәдениеттің нығайып келе жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл бастама қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді арттырып, ұзақ мерзімді тұрақтылық пен өркендеуге негіз қалау мүмкіндігіне ие.
Оралбек Бекішев-Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
