Бұл жоба қоғамдағы әділдік, бірлік және жауапкершілік қағидаттарын нығайтып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.
Билер институты – халқымыздың тарихында әділ төреліктің, парасатты шешімнің және қоғамдық келісімнің символы. Сондықтан біз үшін Конституцияның басты құндылығы – заң үстемдігін қамтамасыз ету, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты сақтау. Жаңа жоба осы ұстанымдарға сай келіп, мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыруға және халықтың пікірін ескеруге бағытталғаны қуантады.
Билер кеңесі жаңа Конституция жобасын талқылауды ел болашағына жауапкершілікпен қараудың көрінісі деп есептейді. Әрбір азаматтың бұл үдеріске белсенді қатысуы – демократиялық қоғамның маңызды белгісі.
Біз, билер кеңесінің өкілдері, жаңа Конституция Қазақстан халқының бірлігі мен құқықтық мемлекет құру жолындағы сенімді қадам болады деп сенеміз.
С.Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі