Жаңа Конституция жобасы – мемлекетіміздің болашақтағы дамуына бағыт беретін стратегиялық маңызы бар құжат. Онда әділдік, жауапкершілік және демократиялық қағидаттарды нығайту мақсатында бірқатар маңызды нормалар қарастырылған. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты қайта қарау, азаматтардың саяси және әлеуметтік белсенділігін арттыру сияқты мәселелер жаңа тұрғыда көрініс тапқан. Әсіресе халықтың пікірін ескеру, шешім қабылдау үдерісінің ашық әрі жариялы түрде жүргізілуі – демократиялық мемлекет құрудың негізгі талаптарының бірі. Бұл құжаттың қабылдануы елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімді сақтауға оң ықпал етеді деген сенім мол.
Оралбек Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
