Ардагерлер кеңесі бұл бастаманы елдің тұрақтылығы мен бірлігін нығайтуға бағытталған тарихи қадам деп санайды.
Конституция – тек құқықтық нормалардың жиынтығы ғана емес, ол халықтың тағдырын, елдің ертеңін айқындайтын қоғамдық келісім. Сондықтан жаңа жоба азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталғаны маңызды. Біз үшін ең басты құндылық – бейбітшілік, тұрақтылық және ұрпақ сабақтастығы. Жаңа Конституция жобасы осы құндылықтарды сақтай отырып, Қазақстанның одан әрі дамуына жол ашады деп сенеміз.
О.Бекішев – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы