Бұл құжатта ұсынылған өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртуға және құқықтық негіздерін жетілдіруге бағытталғаны анық байқалады. Әсіресе мемлекеттік биліктің құрылымы, өкілеттіктердің бөлінуі және олардың өзара әрекеттесу тетіктері туралы нормалар менің қызығушылығымды арттырды. Мен тек мәтінді оқып қана қоймай, оның астарында жатқан саяси-құқықтық тұжырымдамаларды түсінуге тырыстым. Осыған байланысты конституциялық реформалардың тарихи алғышарттарын, олардың қоғам дамуындағы рөлін және халықаралық тәжірибедегі ұқсас өзгерістерді де зерделеуге кірістім. Бұл зерттеу маған Конституция жобасының стратегиялық маңызын тереңірек ұғынуға мүмкіндік берді.
А.Оспанов – Зеренді аудандық мәслихатының депутаты

