Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы — қоғамымыздың даму деңгейін көрсететін маңызды құқықтық бастама. Констиуциялық өзгерістер туралы диалог — тек заңгерлердің ғана емес, әрбір азаматтың қатысуымен өтуі тиіс қоғамдық процестің бөлігі. Бұл жоба еліміздің саяси жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға бағытталуы мүмкін.
Әлі қабылданбағандықтан, жаңа жобаның талқыланып, жақсарып, қоғамның ықыласына ие болуы — оның маңызды факторы. Бұл — азаматтардың белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, болашақта еліміз үшін ең әділ әрі үйлесімді құқықтық жүйені қалыптастыруға мүмкіндік беретін мүмкіндікті білдіреді. Сондықтан Конституцияның жаңа жобасы — тек заңдық құжат қана емес, азаматтық қоғамның өз тағдырына әсер ету мүмкіндігі.
Қ. Албаев – Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесінің мүшесі