Құжатта қоғамның бірлігіне, ұлттық құндылықтарды сақтауға және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған нақты баптар бар. Бұл еліміздің дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі. Ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде мен үшін ел ішіндегі ауызбіршілік пен ұрпақ арасындағы сабақтастық аса мәнді. Конституция осы бағыттарды реттейтін негізгі құжат болғандықтан, оның мазмұнының түсінікті әрі нақты жазылғаны маңызды.
Құжатта отбасы, дәстүр, үлкенге құрмет сынды мәселелер ашық көрсетілген. Осындай баптар қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Заңның талаптары орындауға ыңғайлы, баршаға ортақ әрі айқын болуы қажет. Егер конституция осындай қасиеттерді толық қамтыса, онда ол елдің рухани және саяси тірегіне айналады.
Оралбек Бекішев-Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесінің төрағасы
