Конституция жобасында сот тәуелсіздігі, азамат құқығының қорғалуы, әділдік қағидаттары айқын жазылған. Бұл нормалар елдегі құқықтық тәртіпті нығайтады. Қоғамдағы дау-жанжалдың азаюы — құқықтық мәдениеттің жоғары болуына байланысты.
Құжатта әр азаматтың құқығы мен міндеті нақты белгіленген. Заңның әділ орындалуы мемлекеттік органдар мен халықтың арасындағы сенімді нығайтады. Осындай құқықтық негіз қоғамдағы тұрақтылыққа тікелей әсер етеді. Конституцияда құқық үстемдігі анық көрсетілген жағдайда, елдің даму бағыты да айқын болады.
Серік Баймурзин- Зеренді ауданы билер алқасының бас биі
