Құжатта азаматтың құқығын қорғау, билік пен қоғам арасындағы ашықтықты арттыру, әлеуметтік саясатты жетілдіру сияқты маңызды бағыттар көрініс тапқан. Бұл – елімізді жаңарту жолындағы жүйелі қадамдардың бірі.

Жоба биліктің жауапкершілігін нақтылай түсіп, қоғамның шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Мұндай өзгерістер халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтады. Сонымен бірге әлеуметтік қолдау, отбасы мен балаға қатысты мәселелер, құқықтық жүйені жетілдіру сынды қоғамдық маңызы бар тақырыптар да назардан тыс қалмаған.

Қоғамда пікір алуандығының болуы — табиғи құбылыс. Дегенмен, жаңа конституцияның басты мақсаты — елдің тұрақтылығы мен дамуына ортақ негіз қалыптастыру. Егер жоба қабылданып, оның нормалары сапалы орындалса, бұл еліміздің саяси жүйесін жаңартып, қоғамның дамуына тың серпін береді.

Жалпы алғанда, құжат елдің болашақ бағытын айқындайтын маңызды негіздердің бірі бола алады. Ең бастысы — әрбір баптың мазмұны қоғамның игілігіне қызмет етуі және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы.

Қуанышбек Албаев -Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі