Бұл құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы тепе-теңдікті нақтылау, қоғамның даму бағытын айқындау сияқты өзекті мәселелер қамтылған. Жобада адамның қадір-қасиетін қорғау, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету және ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған нормалардың күшейтілгені ерекше назар аударады.

Конституция – мемлекеттің негізгі саяси-идеологиялық тірегі болғандықтан, оның өзгеруі тек заңнамалық түзету емес, қоғамдық қатынастардың жаңа деңгейге көтерілуін білдіреді. Жобада билік институттарының ашықтығын арттыру, азаматтық қоғамның рөлін күшейту, экономикалық реформаларды құқықтық жағынан қолдау сияқты бағыттар анық көрініс тапқан. Мұның бәрі елдің демократиялық дамуына, заманауи мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан да жаңа Конституция жобасы – қоғамның сұранысына сай жасалған, болашаққа бағытталған, елдің өркендеуін көздейтін маңызды бастама деп айтуға толық негіз бар.

Гүлнар Ибраева- Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы