Жаңа Конституция жобасы — мемлекет пен қоғам арасындағы үйлесімділікті нығайтуға бағытталған маңызды құқықтық құжат. Біз, билер дәстүрін жалғастырушы қоғамдық өкілдер ретінде, ел ішінде әділдік, парасат және мәмілегерлік қағидаттары әрдайым басты орында тұруы тиіс деп санаймыз. Ұсынылып отырған өзгерістер заң үстемдігін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғауды нақтылай түседі, бұл қоғамдағы сенім мен тұрақтылықты арттыруға қызмет етеді.
Қазақ халқының билер институты ежелден дау-жанжалды бітіммен шешіп, ел бірлігін сақтауға үлес қосқан. Бүгінгі Конституциялық жаңару да сол тарихи сабақтастықтың заманауи көрінісі іспетті. Жоба халықтың пікірін ескеруге, қоғамдық келісімді нығайтуға және жауапты басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Сондықтан біз, билер атынан сөз сөйлей отырып, Конституция жобасын талқылауға белсенді қатысып, ел болашағы үшін маңызды бұл қадамды қолдау — тәуелсіз Қазақстан дамуының берік негізі деп есептейміз.
С.Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі