Конституциялық реформа – бұл жай ғана заңдар жиынтығын өзгерту емес, бұл қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің бастауы. Ұсынылып отырған өзгерістер еліміздің саяси жүйесін түбегейлі трансформациялауға бағытталған. Соңғы жылдардағы оқиғалар бізге ескі басқару үлгісінің тиімсіздігін көрсетті, сондықтан биліктің бір қолға шоғырлануынан бас тартып, Парламенттің рөлін күшейту – уақыт талабы.
Бұл реформаның басты құндылығы – адам құқықтарын қорғау тетіктерінің нығаюы. Конституциялық Соттың құрылуы әрбір азаматқа өз құқығын тікелей қорғауға мүмкіндік береді. Сондықтан референдумға қатысу – бұл тек дауыс беру емес, бұл болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Әрбір азаматтың таңдауы елдің алдағы ондаған жылдардағы даму бағытын айқындайды. Біз «Еститін мемлекет» қағидатынан «Ықпал ететін қоғам» моделіне өтуіміз керек.

Серік Баймурзин -Зеренді ауданы билер алқасының бас биі