Ата Заң – бұл мемлекеттің іргетасы ғана емес, бұл біздің бірлігіміз бен тұрақтылығымыздың кепілі. Уақыт бір орнында тұрмайды, сондықтан қоғамның жаңа талаптарына сай заңдардың жаңартылуы – заңды құбылыс. Менің пайымдауымша, бұл реформалар әділеттілік пен теңдік қағидаттарын нығайтуға, мемлекет пен халық арасындағы сенімді бекемдеуге бағытталған. Біз, үлкен буын, еліміздің тыныштығы мен гүлденуін әрқашан бірінші орынға қоямыз. Сол себепті алда келе жатқан 15 наурыз күні өтетін саяси науқанға бейжай қарауға болмайды. Бұл күні жасалатын әрбір таңдау – еліміздің ертеңгі бет алысын айқындайтын тарихи қадам. 15 наурыз – әрбір дауыс маңызды, әрбір азаматтың үні ескерусіз қалмауы тиіс. Біз бүгін тек дауыс беріп қана қоймаймыз, біз болашақ ұрпақтың бақытты өмірі үшін жауапкершілік арқалаймыз. Барша отандастарымды осы маңызды сәтте бірлік танытып, азаматтық белсенділік көрсетуге және ел тағдыры үшін өз таңдауын жасауға шақырамын.

Серік Баймурзин-Зеренді ауданы билер алқасының бас биі