Жаңа Конституция жобасы жайлы әңгіме басталғалы бері ел ішінде серпін мен жаңашылдыққа деген үміт күшейе түсті. Мұндай сәттерде жұрттың бір-біріне деген сенімі, ортақ мақсатқа деген ниеті айқын көрінеді. Бұл қоғамды жақындастырып, алға ұмтылуға жігер беретін жақсы белгі.

Аға буын әрқашан елдің болашағын ойлап, ұрпақтың қамын биік қояды. Бүгінге дейінгі тәжірибеміз бізге бір нәрсені анық үйретті: даму ешқашан кездейсоқ келмейді, ол ынтымақ пен парасаттың арқасында жүзеге асады. Сол себепті елдегі жаңару бағытын көргенде жүрекке бір сенім, бір қуаныш ұялайды. Балаларымыз бен немерелеріміздің жарқын болашағына жол ашатын бастамаларды қолдау – біздің табиғи борышымыз.

Алдағы референдум – әр азамат үшін маңызды мүмкіндік. Бұл – ел тағдырына ортақ үлес қосу, өз пікіріңді ашық білдіру және болашаққа бейжай қарамайтыныңды көрсету жолы. Әркімнің қатысуы – қоғамның саналы, белсенді, бірлігі мықты екенін дәлелдейді.

Бірлігіміз бекем болып, жақсы күндеріміз көбейе берсін.

О. Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы