Бұл тұрғындардың өңірлік мәселелерді шешуге тікелей қатысуына, жергілікті бюджет пен әлеуметтік бастамаларды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай өзгерістер ауылдар мен шағын қалалардың дамуына жаңа серпін береді.
Азаматтардың белсенділігі артқан сайын, билік пен халық арасындағы сенім де нығая түседі. Бұл реформалар Зеренді ауданы сияқты өңірлердің әлеуметтік тұрақтылығы мен экономикалық әлеуетін күшейтуге ықпал етеді деп сенемін.
С.Баймурзин -Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі