Бүгін еліміздің саяси өмірінде тарихи сәт туды. Жаңа Конституция жобасы — қоғамның жаңғыруға деген шынайы ұмтылысын және мемлекеттің берік іргетасын нығайтуға деген ортақ ерік-жігерін көрсетеді. Бұл — жай ғана заңдар жинағы емес, мемлекет пен азамат арасындағы сенімді нығайтып, жаңа демократиялық кезеңге жол ашатын құжат.
Жаңа Ата Заң жобасы елдің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол қоғамдағы барлық топтардың мүддесін ескере отырып, әділ әрі құқықтық мемлекет құрудың берік негізін қалайды. Халықтың бірлігі мен ортақ мақсаты осы құжат арқылы айқындалып, жарқын болашаққа деген сенімді нығайта түспек. Бұл — мемлекеттігімізді нығайту жолындағы ортақ шешім.

С.Баймурзин -Зеренді ауданы билер алқасының бас биі